Жаңалықтар

ЖҰМЫССЫЗ ТҰРҒЫНДАРДЫ КӘСІПТІК ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Шымкент қаласында жұмыссыз жүрген азаматтарға кәсіби білім беріп, жаңа мамандық иесі атануына жағдай жасайтын тегін кәсіптік оқу курстары ұйымдастырылуда. Бұл курстар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрақты табысқа қол жеткізуге жол ашады. Оқу процесін ұйымдастыру үшін арнайы оқу орындары анықталып, бүгінде қатысушыларды қабылдауға толық дайын. Әрбір қала тұрғыны өзіне қажетті және қызықты мамандықты таңдап, оқуға қатыса алады. Ол үшін ең алдымен тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық Мансап орталығына барып, тиісті жолдама алу қажет. Бұл рәсім оқуға ресми тіркеліп, курсқа қатысуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, оқу орындарындағы орындар саны шектеулі. Қазіргі таңда нақты мамандықтар бойынша мынадай квоталар бөлінген: Бухгалтер-кассир мамандығына – 14 орын; Визажист мамандығына – 5 орын; Кондитер мамандығына – 20 орын; Тоқу машинасының операторы мамандығына – 30 орын; Электронды есептеу машинасының операторы мамандығына – 1 орын; Аспаз мамандығына – 11 орын; Тәрбиешінің көмекшісі мамандығына – 9 орын; Шаштараз-стилист мамандығына – 10 орын.
Бүгінде қаламызда жұмыссыз азаматтарға нарыққа қажетті жаңа мамандық меңгеріп, тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беретін кәсіптік оқу курстары ұйымдастырылып отыр.
Оқу орындары анықталып, қатысушыларды қабылдауға дайын. Ол үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық Мансап орталығына барып, жолдама алу қажет.
Орындар саны шектеулі. Бухгалтер-кассир мамандығына 14, визажистке 5, кондитерге 20, тоқу машинасының операторына 30, электронды есептеу машинасының операторына 1, аспазға 11, тәрбиешінің көмекшісіне 9, шаштараз-стилистке 10 орын бар.
Оқу барысында қатысушыларға шәкіртақы төленеді.
Мансап орталықтарының мекенжайы:
Абай ауданы – Арғынбеков көшесі 243/3;
Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы 106;
Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі 201;
Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі 89;
Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі 50.

КӘСІПКЕ ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Алдыңғы

Түркістан облысынан 2500-ге жуық азамат күзде әскерге аттанады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *