Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 140 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3% — ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша осы кезеңде 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 23,9% — ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5% — ға жетті.

Сонымен, қатар бүгінде қаламызда шағын өнеркәсіп аймақтарды салу бағдарламасы шеңберінде 3 жоба іске асырылуда. Жоспарға сәйкес 150-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында қолданыстағы 5 өндірістік алаңға («Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы» индустриялық аймағы, «Ордабасы» жекеше индустриялық аймағы) қосымша 438 га аумақта «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары қосылып, қалада жалпы 7 өндірістік алаң жұмыс істеуде.

2025-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 212 жобаның пулы жасақталды.

Жобалар тек жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылады. Ірілеріне тоқтала өтсек, түрік капиталының қатысуымен «Alsera KZ» және «Fabe Agro» компаниялары заманауи жылыжай кешенінің құрылысы, алкилат пен полипропилен өндіретін отандық «Intertrans» ЖШС, қытайлық «Shaanxi Construction» компаниясы бу-газ қондырғысының құрылысы жобасы.

Өндірістік аймақтардың дамуы мен жаңа жобалардың іске асырылуы Шымкент қаласының өндірістік әлеуетін арттыру үшін маңызды қадам болып табылады. Бұл, әсіресе, шағын өнеркәсіп аймақтарын дамыту бағдарламалары аясында жүзеге асырылатын жобалар, жаңа жұмыс орындарын ашу мен кәсіпорындардың өсуін қамтамасыз етеді.

Қаланың инфрақұрылымдық жобаларының ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуы да маңызды орын алады. Түрік капиталының қатысуымен жылыжай кешендерінің құрылысы мен қытайлық компаниялардың бу-газ қондырғысының құрылысы сияқты жобалар қала экономикасының әртараптануына ықпал етіп, өндірістің сапасын арттыруға бағытталған.

Барлық осы шаралар Шымкенттің өндірістік және кәсіпкерлік әлеуетін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Алдағы жылдары бұл жобалар экономиканы жаңа деңгейге көтеріп, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Алдыңғы

Жұмыссыздарды тұрақты орындарға орналастыру мәселесі талқыланды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *