БілімЖаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкентте «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұстаздардың дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. Жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым мен министрлік өкілдері, қала әкімдігі мен құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп директорлары, ұстаздар қатысты.
Жиынға арнайы келген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы міндеттерді атап өтті. Мемлекет басшысының білім беру саласына ерекше қолдауының нәтижесінде соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ жиында сөз алған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа оқу жылының басталуы – тек ұстаздар қауымы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды кезең екенін еске салды. Бұл басқосу білім беру саласындағы басым бағыттарды саралап, алдағы міндеттерімізді айқындауға арналған. Осылай дей келе қала басшысы «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздардың ұлт алдындағы жауапкершілігін әрдайым ерекше атап өтеді. Шын мәнінде, сіздер өз еңбектеріңізбен, адал қызметтеріңізбен жас ұрпақты тәрбиелеуге, олардың болашағын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып отырсыздар. Оқушылардың жетістігі сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі» деді.
Оның айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан білім саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның айғағы қалада соңғы екі жылда 39 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұған қоса, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін ұлттық жоба аясында тағы 12 жаңа мектеп салынған. Алдағы екі жылда 37 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Сонымен бірге 3 балабақша мен 2 колледжге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін заманауи бағыттарға сай 500 орындық 2 Оқушылар сарайы ашылса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету шаралары күшейтіліп келеді. Әлеуметтік қолдау да назардан тыс қалмағанын айтқан қала әкімі «2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың балалары 100 пайыз мектеп формасымен қамтылып келеді. Сондай-ақ, балабақшаларда да әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін тегін орындар қарастырылған. Жоғары оқу орындарында қазір еңбек нарығына қажетті мамандықтарға мемлекеттік гранттар саны артып отыр. Соңғы екі жылда 285 студент тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды» деп атап өтті.
Сонымен қатар іс-шарада ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек сіңірген сала қызметкерлері марапатталды.

Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері бас қосты

Алдыңғы

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *