Созақ аудандық А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері арасында республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл байқау ауданымызда мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру және заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданысқа енгізу бағытындағы маңызды шаралардың бірі болып табылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа, инновациялық тәсілдерін жүзеге асыру, үздік педагогикалық тәжірибені анықтап, оны жалпылау және тарату болып табылады. Байқау үш кезеңнен тұрды:
- Оқыту тіліндегі педагогтің Е-портфолиосы
- Эссе жазу
- Ұйымдастырылған іс-әрекет көрсету
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын – «Айшуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Өмірбекова Мақпал
ІІ орын – «Таукент гүлдері» бөбекжай-бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Кекилова Мадина
ІІІ орын – «Болашақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Карибаева Гүлжамал
Ал «Самал» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Төреқұл Жаннұр бас жүлде иегері атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Бұл байқау білім беру саласындағы шығармашылықты дамытуға, педагогтардың тәжірибесін шыңдауға және балаларға заманауи білім беру әдістерін енгізуге үлкен септігін тигізді. Байқауда жеңімпаз атанған педагогтарымызды құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Байқаудың маңызы тек педагогтар үшін ғана емес, жалпы мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту мен дамыту үшін де зор. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – болашақ ұрпақты қалыптастырудағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Сондықтан, осы саланың үздік педагогтерінің тәжірибесі мен жаңашыл әдіс-тәсілдері барша мектепке дейінгі ұйымдарда үлгі болып, білім беру процесін сапалы әрі тиімді ете алады. Байқау қатысушыларының шығармашылық көзқарасы мен кәсіби шеберлігі балалардың дамуында маңызды рөл атқаратын қадамдардың бірі болып табылады.
Мұндай байқаулар педагогтардың жаңашыл ойлауы мен кәсіби біліктілігін арттыруға, өзара тәжірибе алмасуға және педагогикалық ортада ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, байқауға қатысушылардың әрқайсысы өздерінің ең үздік идеяларын, жобаларын және әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, басқа ұстаздарға шабыт беріп, мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңа қадамдарды іске асыруға ықпал етеді. Байқау жеңімпаздарының өз жұмыстары мен тәжірибелері арқылы балаларға қазіргі заманғы білім беру тәсілдерін енгізуге үлес қосып, осы саладағы даму үрдісін одан әрі нығайта түседі.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Comments