Білім

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛҒАН ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Созақ аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өтебаев FIRST робототехника саласы бойынша халықаралық чемпионаттың Орталық Азия кезеңіне жолдама жеңіп алған Нәзір Төреқұлов атындағы IT-мектеп-лицейдің 9-сынып оқушыларын және олардың жетекшісін салтанатты түрде қабылдап, марапаттады.

Абай Өтебаев қабылдау кезінде, ауданымыздың атын шығарып, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген белсенді оқушыларға жүрекжарды лебізін білдіріп, олардың еңбегін ерекше атап өтті. «Сіздер жастарды қолдауға бағытталған ауқымды жобаға белсене қатысып, ауданымыздың даңқын асқақтатып, білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлес қосып отырсыздар. Сіздерге және ұстаздарға алғысым шексіз», – деп атап өтті ол.

Еске салсақ, 2025 жылғы 20-21 мамыр күндері Шардара ауданының «Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернат базасында Қазақстан Республикасында STEM білім беруді дамытудың Жол картасы шеңберінде, «Ustem Foundation» қорының ұйымдастыруымен FIRST халықаралық байқауының ұлттық кезеңі өткізілген болатын. Бұл байқауға қатысу арқылы оқушылар, практикалық дағдыларын жетілдіріп, топтық жұмыс барысында өзіне деген сенімділікті арттырып, сыни ойлау мен дизайнерлік қабілеттерін дамыту мүмкіндігіне ие болды.

Осы жоба аясында оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен инженерлік дағдылары айқын байқалып, олар жаңа жетістіктер мен өздерінің болашақта ғылым мен техниканың түрлі салаларында жұмыс істеуге дайын екендіктерін дәлелдеді.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшісіне көрсетілген құрметтің артында жасалған қажырлы еңбек пен көп жылғы дайындық жатыр. Оқушылардың өз білімін сынап, әлемдік деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсетуі тек жеке жетістіктер ғана емес, сонымен қатар ауданымыздың білім беру саласында дұрыс бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай байқауларға қатысу оқушыларға жаңа тәжірибе жинақтап қана қоймай, оларды болашақта ғылым мен техника саласында тың идеялар мен жобалар ұсынуға шабыттандырады. Бұл – білімнің шекараларының жоқ екендігін және тек табандылық пен мақсаттылықтың арқасында үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсететін мысал.

Бұған қоса, мұндай жетістіктер еліміздің келешек дамуында маңызды рөл атқарады. Оқушылардың ғылыми-техникалық және шығармашылық тұрғыдан жетілуі – тек өздерінің жеке табыстары ғана емес, бүкіл мемлекетіміздің болашағының жарқын екенін білдіреді. Олардың шығармашылық әлеуеті мен инженерлік дағдыларының дамуы тек бүгінгі күнмен шектелмейді, ол еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосады.

Білімді, дарынды ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

 

Т.ӘЛІМҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ №14 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-ЛИЦЕЙ – РЕСПУБЛИКАДАҒЫ «ҮЗДІК 100 МЕКТЕП» ҚАТАРЫНДА

Алдыңғы

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 14 МЫҢ ТОННА ҰН ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *