Түсіндірме жұмыстары барысында жастардың алкоголь мен темекі өнімдеріне тәуелділікке ұшырап, қоғамда теріс әлеуметтік құбылыстардың орын алуына жол бермеу, сондай-ақ осындай бұйымдарды заңсыз сатуды болдырмау бағытында ақпарат берілді. Орталық мамандары мен құқық қорғаушылар жергілікті сауда орындарының иелеріне заң талаптарын түсіндіріп, заңсыз сату фактілерінің алдын алу жөнінде кеңестер берді.
Алкоголь өнімдерін заңсыз сату мен кәмелетке толмағандарға сату фактілерінің алдын алу. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды сатуға жол бермеу. Заң талаптарын сақтау бойынша кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңға бағынушылықты арттыру. Сонымен қатар, жастар арасындағы суицидтік көңіл-күйлер мен әлеуметтік тәуелділіктердің алдын алу мақсатында барлық түсіндірме жұмыстарында жастарға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен кеңестер берілді.
Түсіндірме жұмыстарында қоғамдағы жалған ақпарат пен бұқаралық сананы манипуляциялау мәселелері де талқыланды. Қазіргі таңда жастардың әлеуметтік желілерде тарайтын фейк жаңалықтарға жиі алданып қалуы, түрлі ақпараттық манипуляцияларға ұшырауы өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай, орталық мамандары жастарды мұндай ақпараттардан сақтандыру және олардың ақпаратты талдау, сұрыптау дағдыларын дамыту бойынша арнайы кеңестер берді.
Сонымен қатар, кездесу барысында қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері де қозғалды. Қаржылық алаяқтықтың кең таралуына байланысты, орталық мамандары жастарды сақ болуға, күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырды. Қаржылық пирамидалар мен алаяқтық схемалардың зияны туралы түсіндіріп, бұл қауіптерден қалай қорғану керектігін түсіндірді.
Лудомания мен құмар ойындарға тәуелділік, сондай-ақ қоғамдағы суицидтік көңіл-күйдің алдын алу мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Жастардың ойын-сауыққа тәуелділігі олардың өміріне зиян келтіріп, қоғамда теріс әсерін тигізуде. Орталық мамандары бұл мәселеге қатысты жастар арасында ақпараттық жұмыстар жүргізіп, осындай тәуелділіктерді болдырмау үшін қолда бар мүмкіндіктер туралы айтып өтті.
Заң бұзушылықтардың алдын алу арқылы тәртіпті нығайту, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдағы теріс тенденцияларға қарсы тұру шаралары бойынша көп жұмыстар атқарылды. Бұл бағытта тек құқықтық тәрбиені ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік жауапкершілік, саналы тұтынушылық және психоәлеуметтік тұрғыда да маңызды қадамдар жасалуда. Қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жастарды дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіп, теріс әлеуметтік құбылыстардың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру маңызды болып табылады.
Осылайша, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен әлеуметтік тәуелділіктерді болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар өз нәтижесін береді деп күтілуде.















Comments