Әлеумет

Ордабасы ауданында мемлекеттік грант алған кәсіпкерлермен кездесу жалғасуда

Ордабасы аудандық Мансап орталығының мамандарынан құралған арнайы топ Шұбар, Шұбарсу, Бөржар және Бадам ауыл округтерінде мемлекеттік қолдаумен өз кәсібін дамытып жатқан азаматтарды зерделеу мақсатында жұмыс сапарын жалғастырды. Олар қайтарымсыз грантқа қол жеткізген кәсіпкерлермен жеке кездесіп, олардың қазіргі уақыттағы қызметі мен атқарған жұмыстарын мұқият қарап шықты.

Зерделеу барысында кәсіп иелерінің бизнес-жоспарларын іске асыру барысы, кәсіптің даму деңгейі және алдағы жоспарлары егжей-тегжейлі талқыланды. Сонымен қатар, кәсібін жаңа бастаған азаматтарға арнайы әдістемелік кеңестер беріліп, кәсіпкерлердің туындаған мәселелеріне шешімдер ұсынылды. Мамандар бұл жиындарда кәсіпкерлік жолда кездесетін қиындықтарды жеңу үшін түрлі ұсыныстар мен практикалық қадамдарды түсіндірді.

Мұндай зерделеу жұмыстарымен мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлердің кәсібін тұрақты түрде дамытуға бағытталған нақты қадамдар жасау көзделген. Бұл іс-шаралар аудан экономикасын нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуді мақсат етеді. Одан бөлек, орталық мамандары тарапынан берілген кеңестер мен ұсыныстар кәсіпкерлерге болашақта өз бизнестерін табысты әрі нәтижелі жүргізуге септігін тигізбек.

ШЫМКЕНТ: В ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЯХ ПРОШЛИ ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ УРОКИ В РАМКАХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

Алдыңғы

Жұмысшы мамандықтар жылы: Ордабасы ауданында дөңгелек үстел өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *