Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары жұмыссыз жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Олардың бірі, әсіресе жастар арасында кеңінен танымал әрі сұранысқа ие бағдарлама – «Жастар практикасы». Бұл бағдарлама 35 жасқа дейінгі түлектерге өз мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді, әрі болашақта тұрақты жұмысқа орналасуға жол ашады. Жастар практикасы – бұл болашағы зор, әрі көп жастар үшін кәсіби өмірдің алғашқы қадамын жасауға мүмкіндік беретін маңызды бастама.
Бағдарламаның негізгі шарттары мен артықшылықтары:
-
Тәжірибе ұзақтығы – 12 айға дейін. Бұл уақыт аралығында қатысушылар өз мамандығы бойынша нақты жұмыс тәжірибесін ала отырып, кәсіпорынның жұмыс процестерін толық меңгереді.
-
Ай сайынғы төлем – 30 АЕК (117 960 теңге). Мемлекет тарапынан жасалатын бұл төлем жастарға жұмыс істей отырып, тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді.
-
Еңбек өтілі есепке алынады. Бағдарлама барысында жинақталған тәжірибе қатысушылардың жұмыс өтіліне қосылып, болашақта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.
-
Тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Бағдарлама аяқталған соң, қатысушылар тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, өйткені олар ұйымның жұмыс процестерін меңгеріп, қажетті дағдыларды меңгереді.
Қатыса алатындар:
Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі, соңғы 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған жас мамандар қатыса алады. Бұл бағдарлама жас мамандарға өз саласында алғашқы тәжірибе жинақтауға, әрі біліктілігін арттыруға көмектеседі. Олар мемлекеттік мекемелерде немесе түрлі кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге жолдама алады.
Қалай қатысуға болады?
Бағдарламаға қатысу үшін жас мамандарға екі негізгі жол ұсынылады:
-
Enbek.kz порталында тіркеліп, өтініш беру.
-
Ордабасы аудандық мансап орталығына тікелей жүгіну. Мұнда мамандар қосымша кеңес беріп, бағдарламаға қатысу жолдарын түсіндіреді.
Телефон: 8/72530/ 7 72 21
«Жастар практикасы» – бұл мамандық бойынша алғашқы тәжірибені алу, дағдыларды жетілдіру және болашақта тұрақты жұмысқа орналасудың тамаша мүмкіндігі. Егер сіз өз мамандығыңызда тәжірибе жинақтауды мақсат етсеңіз, жұмысқа орналасу жолын жеңілдеткіңіз келсе, осы бағдарламаны жіберіп алмаңыз!
Бұл бағдарлама жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып қана қоймай, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына үлкен ықпал етеді. Жас мамандар қазіргі заманғы еңбек нарығына бейімделіп, өз дағдыларын шыңдайды.
Comments