Әлеумет

Жолдауға қолдау – жарқын болашаққа қадам

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жасанды интеллек дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау еліміздің жедел дамуына серпін беретін жаңа міндеттер мен бағыттарды айқындап берді. Президенттің бұл құжаты тек бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуге ғана емес, сондай-ақ болашаққа сенімді қадам жасауға бағытталған стратегиялық бағдар болып табылады.

Жолдауда белгіленген маңызды міндеттерді Ордабасы аудандық мансап орталығы да қолдап, арнайы жиын өткізіп, өзара пікір алмасты. Осы кездесуде еңбек нарығын цифрландыру, жаңа мамандықтарды игеру, жастарды заманауи дағдыларға үйрету сынды тақырыптар кеңінен талқыланды. Бұл мәселелер қазіргі еңбек нарығының дамуымен тығыз байланысты, өйткені цифрлық трансформацияның ықпалы мен жаңа технологиялардың дамуы қоғамдағы еңбек қызметіне түбегейлі өзгерістер әкелуде.

Ұжым мүшелері Жолдаудың әрбір бағыты еліміздің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор ықпал ететініне сенім білдірді. Жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер, қазіргі заманғы дағдыларға бейімдеу және қоғамға қажетті мамандықтарды дамыту еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, болашақта жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететіні сөзсіз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қоғамдағы өзгерістерге, жаңа міндеттерге, және цифрлық экономиканың жаңа талаптарына бейімделу жолындағы бағыттарды айқындап берді. Ордабасы аудандық мансап орталығы өз жұмысына осы өзгерістерді ескере отырып, жаңа бастамалар мен қолдау шараларын іске асыруға дайын екенін білдірді. Орталықтың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – цифрлық дағдыларды дамыту мен еңбек нарығына бейімдеу, сондай-ақ жұмысшылардың жаңа мамандықтарды игеруіне қолдау көрсету. Мұндай бастамалар Ордабасы ауданында жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды еңбек нарығына енгізуге және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ордабасы аудандық мансап орталығы өз тарапынан Жолдауда көрсетілген мақсаттарды іске асыруға дайын екендігін атап өтеді. Қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, жастардың еңбек нарығына бейімделуіне көмектесу, сондай-ақ цифрлық дағдыларды дамыту жұмыстарын одан әрі жалғастыруға әрқашан дайын.

«ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-МЕН ТАНЫСУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алдыңғы

Шымкентте заңсыз ауланған балықтарды тәркілеу бойынша рейдтік іс-шаралар

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *