Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде орналасқан алюминий профильдерін өндіретін «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің заманауи зауыты өз жұмысын іске қосуына байланысты аудандық Мансап орталығының жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің басшысы Марат Исхахов компания директоры Сян Гуанжуймен сұхбат жүргізді.
Сұхбат барысында зауыт директоры Сян Гуанжуй өз сөзінде:
– «Зауыттың іске қосылуы – біздің көпжылдық еңбегіміздің жемісі. Біз үшін ең маңыздысы – жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту. Қазіргі уақытта білікті мамандар мен жұмысшылар қажет. Тиісті талаптарға сай үміткерлерді зауытқа жұмысқа шақырамыз», – деді.
Кәсіпорынның іске қосылуы аймақтың экономикасына жаңа серпін беріп, жұмыссыздықты төмендетуге оң ықпал етуде. Айта кетейік, кәсіпорын іске қосылған алғашқы кезеңнің өзінде аудандық мансап орталығы арқылы 17 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл көрсеткіштің алдағы уақытта еселеп артуы жоспарлануда, себебі зауыттың өндірістік қуаты артқан сайын жұмыс орындары да көбейеді.
«CENTRAL ASIA ALUMINUM» зауытының жұмысы аймақтық тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, кәсіби мамандарға сұраныс туғызады. Бұл жергілікті халықтың кәсіптік білімін арттырып, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне зор ықпал етеді.
«CENTRAL ASIA ALUMINUM» зауытының іске қосылуы ауданның экономикалық дамуында маңызды кезең болып табылады. Жаңа өндіріс орнының ашылуы тек жұмыссыздықты төмендетіп қана қоймай, жергілікті тұрғындардың кәсіби деңгейін арттыруға да жол ашады. Зауытының өндірістік қуаты артқан сайын, компания жаңа жұмыс орындарын ұсына отырып, ауданның еңбек нарығына қосымша серпін береді. Бұл шаралар жергілікті халықтың өмір сапасын жақсартуға, олардың табыс көзін арттыруға және кәсіптік білімдерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік туғызады.
Сян Гуанжуйдің айтқанындай, компанияның басты мақсаты – жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамту. Бұл, әсіресе, аудан тұрғындары үшін үлкен артықшылық, себебі жаңа жұмыс орындарына қол жеткізу әлеуметтік жағдайды жақсартып, қоғамдағы еңбек нарығын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, зауыттың жұмысы аймақтағы кәсіптік білім беру саласының дамуына да оң әсерін тигізері сөзсіз. Осылайша, жаңа өндіріс орнының ашылуы тек жұмыссыздықпен күресуге ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлік саладағы білікті мамандарды даярлауға да септігін тигізеді.
Comments