Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Өмір тамшысы» атты донорлық марафонға қатысып, қайырымдылық шарасына өз үлестерін қосты.
Марафон аясында департаменттің елуден астам қызметкері қан тапсырды. Бұл қадам – азаматтардың өмірін құтқаруға, денсаулығын сақтауға бағытталған игі дәстүрдің жалғасы болып табылады.
Шара барысында ұйымдастырушылар донор болудың маңызына тоқталып, әрбір тамшы қанның адам өмірін сақтап қалуға үлес қосатынын атап өтті.
Шымкент қаласы ТЖД алдағы уақытта да қоғам игілігі үшін қайырымдылық пен әлеуметтік бастамаларға белсенді түрде атсалысуды жалғастыратын болады.
Comments