Қоғам

Қазығұрт ауданында «Бақытты балалық шақ» іс-шарасы ұйымдастырылды

Қазығұрт ауданындағы Kazygurt Intellectual School білім беретін мектептің 5 сынып оқушыларымен «Бақытты отбасы – Бақытты ел» республикалық акциясы аясында «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара өткізілді. Шараны Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлері мен Отбасын қолдау орталығының мамандары бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігі мен дұрыс дамуына жағдай жасау, сондай-ақ қоғам мен полицияның бірлесе әрекет етуін көрсету. Сонымен қатар, отбасы мен мектептің рөлін нығайту арқылы жас ұрпақтың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасау көзделді.

Полиция қызметкерлері балаларға қауіпсіздік ережелері, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары және өз құқықтарын қорғау туралы маңызды ақпараттар берді. Іс-шара барысында ойындар мен креативті әрекеттер арқылы балалардың белсенділігін арттырып, олардың өз құқықтары туралы түсініктерін кеңейтті.

Бұл іс-шараның арқасында балалардың өздерінің қауіпсіздігі туралы білімдері артты, және олар зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға, қиын жағдайлардан шыға білуге қажетті дағдыларды меңгерді. Сонымен қатар, шараның нәтижесінде отбасы мен қоғамның бірге жұмыс істеуінің маңыздылығы мен оның бала тәрбиесіне ықпалы туралы түсінік қалыптасты.

Қазығұрт ауданында өткен бұл іс-шара бала құқықтарының сақталуы мен олардың қауіпсіздігіне зор көңіл бөлінетінін тағы бір мәрте көрсетті. Алдағы уақытта да мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылуы балаларға қажетті білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Ынтымақ пен татулық – елдіктің тұғыры

Алдыңғы

Қазығұртта интернет алаяқтықтың әдістері мен қорғау жолдары түсіндірілді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *