Қоғам

«Экстремизм мен терроризм, қоғамға қауіп» тақырыбында жалпы кездесу өтті

Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері арасында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Экстремизм мен терроризм, қоғамға қауіп» тақырыбында маңызды жалпы кездесу өткізілді. Бұл шараның мақсаты – жастар арасында теріс діни ағымдардың алдын алу, экстремизм мен терроризмнің қоғамға әкелетін қатерлерін түсіндіру және дұрыс тәрбие мен ақпарат беру арқылы олардың жас ұрпаққа әсерін азайту.

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Мәлік, жастар ресурстық орталығының теолог маманы Н.Асан, сондай-ақ аудандық ақпараттық насихаттық тобының мүшесі, «Кемел-ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлімбеков Мұрат Әбүұлы қатысты. Олар осы тақырып аясында өздерінің құнды ойларын ортаға салып, қатысушыларды діни экстремизмнің зардабы мен қоғамдағы теріс ағымдардың салдары туралы терең біліммен қаруландырды.

Кездесу барысында мамандар еліміздегі діни жағдайды, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қауіп-қатерлерін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зиянды әсері мен дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатқан теріс діни ағымдардан айырмашылықтары туралы маңызды ақпарат берді.

Мамандар қатысушыларға дұрыс діни тәрбие беру арқылы, өздерін және жақындарын теріс ағымдардың шырмауынан алшақ болуға үйрету керектігін атап өтті. Өзін-өзі қорғау, дұрыс бағытта рухани даму және қоғамдағы теріс әрекеттердің алдын алу мақсатында осындай кездесулердің өткізілуі өте маңызды.

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ!

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: ЖАРНАМАЛАРДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *