Қазығұрт аудандық полиция бөлімі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бөлімінің қызметкерлері маңызды сауалнама өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – халықпен тығыз қарым-қатынас орнату, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың негізгі себептерін тереңірек зерттеу болатын.
Сауалнамаға аудандық Отбасын қолдау орталығының білікті қызметкерлері белсене қатысты. Бұл жұмысқа аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға бағытталған үлкен назар аударылды. Қоғамдық тәртіп пен отбасы тыныштығын сақтау жолында атқарылған шаралар өте маңызды.
Шараны Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы ұйымдастырып, оның барысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың қорқыту мен қысымсыз алдын алудың тиімді әдістері талқыланды.
Comments