Қоғам

Қазығұртта жасөспірімдер қауіпсіздігіне бағытталған рейдтер жалғасуда

Қазығұрт ауданы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан көлемінде “Түн тыныштығы: Заң мен тәртіп күзетінде” тақырыбында аудан көлемінде түнгі рейд өтті. Түнгі рейд барысында Қазығұрт ауылы округінде түнгі уақытта жүрген 4 жас анықталып ескерту жасалынды.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, беймезгіл уақытта ата-ана бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханада болуларына тыйым салу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі бұйымдары мен спирттік ішімдік сататын кәсіпкерлік нысандарға тосқауыл қою мақсатында кезекті күндізгі түнгі рейдік жұмыстар атқарылуда.
Түнгі рейдтің өткізілуі жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өте маңызды. Ата-ана мен қоғамның жауапкершілігі осындай шараларда айқын көрініс табады. Өкінішке орай, жастар арасында құқықбұзушылықтар жиі кездеседі, әсіресе беймезгіл уақытта көшеде жүрген немесе қадағалаусыз жүрген жасөспірімдер арасында. Бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті болып табылады.
Рейдтер мен тексерулер балалардың қауіпсіздігін сақтау, оларды кері әрекеттерден қорғау үшін жасалып жатыр. Көбінесе, жасөспірімдер ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта мейрамханалар мен ойынханаларда уақыт өткізуі мүмкін, бұл өз кезегінде олардың тәрбиесіне теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан, мұндай шаралар балаларды заңсыз әрекеттерден қорғап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Ата-аналар өз балаларын бақылап, олардың қайда және кіммен жүргенін, немен айналысатынын үнемі қадағалауы тиіс. Бала тәрбиесі тек білім беру ғана емес, сондай-ақ оны дұрыс ортада дамыту, қоғамның заңдарын түсіндіру, құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру мәселелерімен де байланысты. Ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмай, олардың қауіпсіздігін бірінші кезекте ойлап, оларға дұрыс бағыт көрсетуі қажет. Мұндай шаралар аудан көлемінде жүйелі түрде өткізілсе, жастардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге үлкен көмек болады.

Әл-Фараби ауданындағы көше жарықтандыру жобалары

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *