Қоғам

Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында АТТ жұмыстары жүргізілді

Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында «АТТ жұмыстары» аясында маңызды іс-шаралар өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты — ауыл тұрғындары және осал топтағы азаматтар арасында діни саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл бағытта ауылда «Экстремизм мен терроризм, қоғамға қауіп» тақырыбында жалпы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін қауіптері және олармен күрес тәсілдері талқыланды.

Кездесуге Қазығұрт аудандық ақпараттық насихаттық тобының мүшесі, «Кемел-ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлімбеков Мұрат Әбүұлы және Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Асан Нұрсұлтан қатысты. Олар діни ахуал, діни экстремизм мен терроризм, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың қоғамға келтіретін зияны туралы толық ақпарат беріп, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында мамандар еліміздегі діни жағдайдың қазіргі кезеңде қалай өзгеріп жатқандығы туралы айтты. Діни экстремизм мен терроризмнің қаупі, олардың салдарлары, деструктивті діни ағымдардың қоғамға әсері, және дәстүрлі исламның қазіргі кездегі теріс діни ағымдардан айтарлықтай айырмашылықтары туралы түсінік берілді. Спикерлер, сонымен қатар, қатысушыларға өздерін және жақындарын теріс діни ағымдардың шырмауынан алшақ болу үшін дұрыс тәрбие беру қажеттілігін баса айтты. Олар тек діни білім ғана емес, моральдық және рухани тәрбие де маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

Қазығұрт ауданы С.Рақымов ауылында АТТ жұмыстары жүргізілді

Алдыңғы

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЗАМАНАУИ АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕН ОРНАТЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *