Қоғам

Қазығұрт: Сарапхана ауылында АТТ жұмыстары жүргізілді

Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылы тұрғындары және осал топтағы азаматтар арасында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесу «Экстремизм мен терроризм, қоғамға қауіп» тақырыбында өткізіліп, елдегі діни жағдай мен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Кездесу барысында, діни экстремизмнің, терроризмнің қоғамға келтіретін зияны мен қауіптілігін түсіндіру мақсатында түрлі мәселелер қозғалды.

Кездесуге аудандық ақпараттық насихаттық тобының мүшесі, «Кемел-ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлімбеков Мұрат Әбүұлы және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Асан Нұрсұлтан қатысты. Бұл шараға қатысушылардың негізгі мақсаты – жастар мен барлық қоғам мүшелеріне деструктивті діни ағымдардың зиянын түсіндіру, діни радикализм мен терроризмнің алдын алу жолдарын көрсету.

Кездесу барысында мамандар еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға келтіретін зияны, сондай-ақ дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатқан теріс діни ағымдардан айырмашылығы туралы жан-жақты мәлімет берді. Әсіресе, діни экстремизм мен терроризмнің ұлтаралық және діни татулыққа қаншалықты қауіп төндіретіні, жастар мен жалпы қоғам үшін үлкен мәселе екені айтылды. Мамандар осы теріс ағымдардың қоғамды бөлшектеуге, адамдарды адастыруға және олардың өміріне қауіп төндіруге қабілетті екенін атап өтті.

Асан Нұрсұлтан теолог маманы, өз кезегінде, дәстүрлі исламның негіздеріне тоқталып, оның қоғамды рухани және моральдық тұрғыда нығайтуға бағытталған жолдары туралы түсінік берді. Мамандар қатысушыларға теріс діни ағымдардан сақтанудың жолдарын, олардан аулақ болудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамда діни сенімнің, дәстүрдің маңызы артқанына қарамастан, діни білімнің дұрыс берілуі қажет екендігі атап өтілді. Осы ретте, ата-аналар мен жастарға дұрыс тәрбие мен ақпарат берудің, соның ішінде діни білім мен тәрбиенің маңызды рөлі туралы сөз болды.

Кездесу барысында қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан сақтап қалу үшін дұрыс тәрбие беру керектігі түсіндірілді. Мамандар жастардың діни сенімі мен ойлау жүйесін дұрыс қалыптастыру үшін қоғамның белсенді мүшелері ретінде атсалысу қажет екендігін, сондай-ақ әрбір отбасының рухани тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы қажеттігін атап өтті.

Бұл шаралардың мақсаты — жастарды діни экстремизм мен терроризмнің зиянды ықпалынан қорғау, қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту және әрбір азаматтың дұрыс діни танымын қалыптастыру болып табылады. Әрбір азамат өз діни сенімін дұрыс және әділ жолмен таңдауы қажет екенін, ал қоғамда сабырлы, бір-бірін құрметтейтін жағдай жасау үшін барлығымыз жауапты екенімізді ұмытпағанымыз жөн.

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ АЯЛДАМА АТАУЛАРЫН ДЫБЫСТЫҚ ХАБАРЛАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАЛАЙ САБАҚ ӨТІП ЖАТҚАНЫ ОНЛАЙН БАҚЫЛАНАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *