ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

САУРАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Кездесуде азаматтар жер, тұрғын үй, кәсіпкерлік және әлеуметтік қолдау тақырыбында өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Ауыл тұрғыны жер теліміне байланысты туындаған мәселесін көтерсе, тағы бір тұрғын баспана алуға байланысты сұрағын қойды. Сонымен қатар, көпбалалы ана әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында сауда жасау үшін арнайы орын сұрап, отбасылық табысын арттыруға ниет білдірді.
Сонымен бірге қабылдауда Үшқайық ауылдық округінің тұрғыны жайылым жер телімдерін конкурсқа қою мәселесін көтерді. Бұл бағытта жер қатынастары бөліміне нақты тапсырмалар берілді. Шаға ауылдық округінен келген тұрғын жерге байланысты өтінішін жеткізді, ол заң шеңберінде қарастырылатын болды. Сондай-ақ Үшқайық ауылдық округінің тағы бір тұрғыны жер теліміне қатысты сұрақ қойып, мәселе арнайы комиссия арқылы зерделенетін болды. Ал Шаға ауылдық округінің тұрғыны аудан көлемінде мүгедектерге арналған инватакси қызметін ұлғайтуды сұрап, әлеуметтік салаға жауапты бөлімге бұл бағытта қажетті тетіктерді қарастыру жүктелді.
Әрбір өтініш аудан әкімінің тікелей бақылауымен қаралып, жауапты бөлімдерге нақты міндеттер жүктелді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров:
– Халықпен тікелей кездесудің маңызы зор. Әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмайды. Біз тұрғындарымыздың талап-тілегін тыңдап қана қоймай, оның шешілуін бақылауда ұстаймыз. Әр отбасының әлеуметтік жағдайын жақсарту – біздің басты мақсатымыз, – деп атап өтті.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ашық айтуға мүмкіндік алды. Ал әкімдік тарапынан оларды шешу жолдары қарастырылып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Жұмысшы мамандықтар жылы – білікті дәрігерлерге құрмет!

Алдыңғы

«КҮЗГІ ТАЗАЛАУ» КЕЗЕҢІ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *