Қоғам

Әл-Фараби ауданының полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен профилактикалық іс-шара өткізді

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Д. Бекболатұлы Шымкент қаласындағы «1 ТАЛАНТ» мектебінде оқушылармен профилактикалық кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, оларды қауіпсіздік ережелеріне баулу, сондай-ақ денсаулықты сақтау мен зиянды әдеттерден аулақ болуға бағытталған алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру. Полиция қызметкері балалармен ашық форматта әңгімелесіп, әрбір бағыт бойынша нақты мысалдар мен түсініктемелер келтіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Профилактикалық түсіндірме жұмыстары төрт негізгі бағытты қамтыды: 1) Құқықтық түсіндіру жұмыстары: оқушыларға олардың құқықтары мен заң алдындағы міндеттері туралы кеңінен түсіндірілді; әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы айтылып, жасөспірімдердің жауапкершілігіне қатысты заң талаптары түсіндірілді; заң бұзған жағдайда туындайтын салдарлар мен нақты мысалдар арқылы алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіздік ережелері: жол қозғалысы ережелері, соның ішінде «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында жаяу жүргінші өткелдерінен өту, бағдаршам сигналдарына бағыну, мектепке барар жолдағы қауіпсіздік мәселелері сөз болды; өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық техника мен электр құралдарын дұрыс пайдалану туралы ережелер түсіндірілді; көшеде, су айдындарында және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау нормалары туралы ақпарат берілді.

Денсаулық пен салауатты өмір салты: темекі, ішімдік және есірткі заттарының адам денсаулығына зияны жайлы кеңінен ақпарат беріліп, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру жасалды; дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, спортпен айналысу, жеке бас гигиенасы және ұйқы режимі туралы пайдалы кеңестер айтылды; әсіресе күзгі-қысқы маусымға байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу жолдары қарастырылды.

Киберқауіпсіздік және интернет мәдениеті: қазіргі таңда кең таралған интернет алаяқтарының әрекет тәсілдері, әлеуметтік желілердегі фейк парақшалар және қауіпті сілтемелер туралы ақпарат берілді; жеке деректерді (мекенжай, телефон, құжат суреттері т.б.) қорғау қажеттігі айтылды; кибербуллинг – яғни интернет арқылы мазақ ету, қорқыту, қудалау сияқты жағымсыз әрекеттердің алдын алу және оларға қарсы тұру жолдары түсіндірілді.

Кездесу соңында полиция подполковнигі Д. Бекболатұлы оқушыларға оқу жылының сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, кез келген жағдай туындағанда ата-аналарға, мұғалімдерге немесе 102 нөмірі арқылы полицияға жүгінуге болатындығын еске салды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық және өмірлік сауаттылығын арттырумен қатар, олардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне және қоғамда жауапты тұлға ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосады.

Әл-Фараби АПБ полициясы колледж студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыру шарасын өткізді

Алдыңғы

Әл-Фараби ауданында «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесу өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *