Қоғам

Қауіпсіз қоғам үшін: “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін республика аумағында “Учаске” атты жедел профилактикалық іс-шара басталды.
«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы – ішкі істер органдары жыл сайын өткізіп отыратын кешенді алдын алу шараларының маңызды бір бөлігі болып табылады. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – халықпен тығыз байланыс орнатып, қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың деңгейін төмендету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
• Қоғамдық тәртіпті нығайту және тұрақтандыру;
• Құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтап, алдын алу;
• Қылмыстың жасалуына жол бермеу және оның салдарын азайту;
• Азаматтардың күнделікті өмірінде қауіпсіздікті арттыру.
«Учаске» акциясының міндеттері:
1. Тұрғындармен жиі кездесіп, олардың тұрмыстық және құқықтық мәселелерін анықтау, көмек көрсету;
2. Қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәртіпті қамтамасыз ету;
3. Пробацияда жүргендер, маскүнемдікке және есірткіге әуестікке бейім азаматтарды бақылауда ұстау;
4. Қару иелерінің, сондай-ақ аңшылық ережелерін сақтауды қатаң тексеру;
5. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіз ортасында өсуін қамтамасыз ету;
6. Пәтерлер, аулалар, түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында кешенді тексерістер жүргізу.
Іс-шара қалай өткізіледі?
• Полиция қызметкерлері тұрғын үйлер мен аулаларды жүйелі аралап шығып, қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейтеді;
• Азаматтармен жеке сұхбат жүргізу арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және туындайтын мәселелерді анықтау;
• Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастыру;
• Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды тәртіпке шақыру;
• Құқық бұзған тұлғаларға қатысты заң талаптары аясында шара қолдану.
«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы – бұл полиция мен қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынас орнатуға, құқықтық тәртіптің нығаюына және тұрғындардың өмір сапасының жақсаруына бағытталған ауқымды, маңызды және нәтижелі жұмыс. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері жүйелі түрде осындай профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша күш салуда.

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Алдыңғы

Әл-Фараби АПБ полициясы колледж студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыру шарасын өткізді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *