ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ ОРЫНДАЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық берілген. Президент атап өткендей, ауыл шаруашылығы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, халықты жұмыспен қамтитын және экспорттық әлеуетті арттыратын экономиканың негізгі салаларының бірі.
Үкімет Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғырту, қайта өңдеуді тереңдету және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда.
2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер мал және өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуымен қамтамасыз етілді.
Қайта өңдеу өнеркәсібі жоғары даму қарқынын көрсетіп отыр:
• азық-түлік өнімдері өндірісі – +9,2% (2,13 трлн теңге);
• сусындар өндірісі – +6,8% (692,4 млрд теңге);
• өсімдік майы – +24%;
• сары май – +10,4%;
• шұжық өнімдері – +9%;
• ұн өндірісі – +6,6%.
Салаға салынған инвестициялар да айтарлықтай артты:
• ауыл шаруашылығының негізгі капиталына – 442,7 млрд теңге (+26,5%);
• азық-түлік өндірісіне – 104,2 млрд теңге (+48%).
Бұл қаражат өндірісті жаңғыртуға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталуда. Президенттің 2024 жылғы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау ауыл шаруашылығын сапалы жаңа деңгейге көтеріп, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде. Агроөнеркәсіп кешеніндегі оң серпін елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Толығырақ ақпаратпен Primeminister.kz сайтынан танысуға болады.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *