Жаңалықтар

Әл-Фараби ауданында «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесу өтті

Бүгін Әл-Фараби ауданының Ескі шаһар шағын ауданында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға арналған «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, этностар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, татулық құндылықтарын кеңінен дәріптеу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Шымкент қаласы «Өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Рузметов Шухрат, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Халназаров Арипджан, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Жалмұрзаев Батырбек, сондай-ақ Әл-Фараби ауданы әкім аппараты «Әлеуметтік қорғау және қолдау көрсету» бөлімінің басшысы Салимов Бахтияр қатысты.
Жиын барысында сөз алған Жалмұрзаев Батырбек Қаратайұлы «Бірлік – біздің ең қымбат қазынамыз. Ел дамуының, ұрпақтың болашағының кепілі – татулық пен өзара сыйластықта. Қоғамдағы келісім – жай ғана ұран емес, ол – күнделікті еңбектің, түсіністік пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі. Сондықтан әрқайсымыз осы құндылықтарды сақтау жолында үлес қосуымыз қажет», – деп атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар түрлі этностардың өкілдерімен пікір алмасып, бір-бірінің мәдениеті мен дәстүріне деген құрметті арттыру, жастарды ұлттық құндылықтар мен толеранттылық рухында тәрбиелеу мәселелеріне баса назар аударды. Сондай-ақ, ортақ тарихи жадыны сақтау және дамыту, ұлттар арасындағы диалогты одан әрі жандандыру қажеттілігі айтылды.
Мұндай кездесулердің маңызы – тек этномәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, сондай-ақ жалпы қоғамдық сананы көтеруге, бейбітшілік пен келісімді қалыптастыруға зор үлес қосуда. Бұл іс-шаралар қоғамдағы барлық этностардың мүддесін ескере отырып, олардың бір-біріне деген құрметін арттырып, Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуына ықпал етеді.
Жиын соңында қатысушылар «Даналық көпірі» атты осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізу арқылы этносаралық қарым-қатынастарды дамыту және ұлттар арасындағы татулықты одан әрі нығайту жолындағы маңызды іс-шаралардың бірегей форматы ретінде қолдау көрсетуге келісім білдірді. Олар қоғамдық келісім мен бірлік идеяларын дәріптеу, жастардың бойында толеранттылықты қалыптастыру арқылы еліміздің болашағы үшін жарқын әрі тұрақты ортаны бірге құруға шақырды.

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *