Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ! 

Соңғы уақытта Отырар телеарнасының Instagram парақшасында жарияланған «Шымкентте жаппай төбелес болды» деген ақпарат қоғамда түрлі пікірлер туындатып жатыр. Осы орайда, аталған жағдайға байланысты келесіні хабарлаймын:

Аталған оқиға — бір топ жеке азаматтар арасындағы тұрмыстық кикілжіңнің салдарынан туындаған. Бұл жерде ешқандай ұлтаралық жанжал немесе араздық болмағанын ресми түрде мәлімдеймін.

Кейбір желі қолданушылары тарапынан жалған ақпарат тарату, жағдайды бұрмалап, ұлтаралық қақтығыс сипатын беру әрекеттері байқалып отыр. Бұл – аса қауіпті әрі ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапкершілікке алып келеді.

Баршаңызды тек ресми дереккөздерге сенуге, арандатушылық ақпараттардан аулақ болуға шақырамын. Ортақ тыныштық пен қоғамдық келісім – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Шымкент ҚДП Әл-Фараби АПБ-да “Құқықтық тәртіп” атты жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Алдыңғы

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *