ӘлеуметБілімЖаңалықтарҚоғамТехнология

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен дәстүрлі Тамыз конференциясы аясында білім беру саласындағы жаңа жобалар мен серіктестік ұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Шара цифрлық трансформацияны ілгерілету мен заманауи технологияларды білім беру жүйесіне енгізу бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың айғағы болды.

Көрмеде білім беруді цифрландыруға бағытталған түрлі жобалар мен IT шешімдер ұсынылды. «Келешек мектептері» жобасы аясында оқушылардың STEM бағытындағы зерттеу жұмыстары мен қолөнер туындылары ұсынылса, Shymkent HUB орталығы стартаптарды дамыту және IT-білім берудегі мүмкіндіктерін көрсетті.

Цифрлық технологиялар саласындағы ANT Technology компаниясы жасанды интеллектке негізделген шешімдерді ортаға салды. Сонымен қатар Sabi Damu шығармашылық орталығы балалардың креативті дамуына арналған платформалармен таныстырды.

Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін BilimApp, «Күнделік», Testter.kz сияқты цифрлық ресурстар мен онлайн платформалар мұғалімдер мен оқушылар үшін маңызды құрал ретінде танылды. EdCrunch Academy және BilimLand сияқты ірі платформалар педагогтердің кәсіби дамуында, білім сапасын арттыруда ерекше рөл атқаруда.

Көрмеде ұсынылған анимациялық сабақтар, интерактивті ресурстар мен заманауи IT өнімдер білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтады. Оқушылардың өз қолымен жасаған жобалары мен инновациялық стендтер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Бүгінде Шымкент қаласы цифрлық білім беру экожүйесін дамытуда тың серпін алып, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға негізделген жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда.

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті: бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды

Алдыңғы

Н.КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *