Жаңалықтар

Шымкент қаласында «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

   Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында қала прокуратурасының бастамасымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Жиынды қала прокурорының орынбасары Марат Ержан ашып, Конституцияның қоғамдағы орны мен адам құқықтарын қорғаудағы маңызына тоқталды.

Талқылау барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыстық процесс шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ҚР Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларын орындау мәселелері көтерілді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Конституция талаптарын бұлжытпай орындаудың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

Шымкент қаласынының прокуратурасы

Реализация Послания Президента-2024: как ведется масштабная модернизация топливно-энергетического комплекса

Алдыңғы

В Шымкенте состоялся круглый стол «Ата заң – опора независимости»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *