ӘлеуметЖаңалықтарҚоғамЭкономика

ПРЕЗИДЕНТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысына қаланың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берілді. Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құрағанын жеткізді. Биыл өнеркәсіп саласында жалпы құны 680 миллиард теңге болатын өнім өндірілген.
Сондай-ақ, қала бюджетінің дербестігі соңғы екі жылда 46 пайыздан 56 пайызға артып, 2026 жылға қарай бұл көрсеткішті 72 пайызға жеткізу жоспарлануда. Құрылыс саласы да қарқынды дамып келеді. 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін «Жұлдыз» және «Бозарық» жаңа индустриялық аймақтары іске қосылғанын айтты. Мегаполисте шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асты. Аталған секторда 245 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Шымкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жайында баяндады. Жаңа әуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өтті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерді.
Жол-көлік инфрақұрылымының дамуы жөнінде айтты. Оңтүстік айналма жолы және 2 ірі жолайрық пайдалануға берілді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін былтыр – 2 270, биыл 2 743 көше жарықтандырылды. Қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту, әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын төсеу, мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу, қала тұрғындарын баспанамен қамту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ В РАМКАХ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *