Жаңалықтар

Жеке қабылдау: Тұрғындар мен әкімдік арасындағы ашық диалог орнатылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Ержан Ерланұлы аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізді.

Кездесуде тұрғындар өздерінің көкейкесті мәселелерін көтерді. Қабылдауға келген азаматтар түрлі әлеуметтік мәселелермен қатар, аудан инфрақұрылымын дамыту жөнінде өз пікірлерін білдірді. Олардың қатарында балалар мен спорт ойын алаңдарын салу мен жөндеу, жылу жүйесін ретке келтіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа да сұрақтар болды. Тұрғындар өздеріне жақын мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдары мен ұсыныстарын ортаға салды. Әрбір тұрғынның өтініші мұқият тыңдалып, сұрақтар бойынша нақты жауаптар беріліп, тиісті шараларды қабылдау туралы айтылды. Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары Ержан Ерланұлы әрбір мәселені жан-жақты қарап, тұрғындармен белсенді әрі нәтижелі диалог жүргізді.

Әрбір көтерілген мәселе бойынша шешімдер мен ұсыныстар талқыланып, аудан тұрғындарының пікірлері мен талаптары ескерілетін болады. Қабылдауға келген азаматтардың әрқайсысына нақты әрі уақтылы жауаптар берілуі үшін тиісті сала мамандарына тапсырмалар жүктелді. Бұл қабылдау ауданның инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және тұрғындардың күнделікті өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Аудан әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауына жазылу үшін жеке төлқұжатыңызбен Әл-Фараби ауданы әкімдігі аппаратының ғимаратына келіп, алдын ала тіркелу қажет. Тіркеу жүйесі арқылы қабылдауға қатысу үшін азаматтар өз өтініштерін алдын ала тіркеп, қажетті уақытта қабылдауға жазыла алады. Бұл процес тұрғындардың уақытын үнемдеп, мәселелердің дер кезінде шешілуіне мүмкіндік береді.

Әрбір тұрғынның ұсынысы мен пікірлері әкімдік тарапынан ескеріліп, қажет болған жағдайда мәселенің шешілуіне бағытталған нақты қадамдар қабылданды. Тұрғындар мен әкімдік арасындағы осындай тікелей қарым-қатынас, ауданның дамуына оң ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.

Мекенжайымыз: Ж.Тыныбаев көшесі, № 49. Қабылдаулардың нәтижелі болуы үшін әрбір азаматтың белсенді қатысуы маңызды, себебі тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және инфрақұрылымдық мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді.

ӘЛЕУМЕТТІК ЕТ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫ БЕКІТІЛГЕН МЕЖЕДЕ САҚТАЛУДА

Алдыңғы

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *