Қоғам

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары Әл-Фараби аудандық Прокуратура және полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «Орталық Қырғы базар» аумағында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның басты мақсаты – қоғамды зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның зиянды әсерлері туралы ақпараттандыру болып табылады.

Ақпараттық кітапшаларды тарату барысында тұрғындарға отбасылық құндылықтарды сақтау маңыздылығы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда дұрыс әрекет ету қажеттілігі жөнінде нұсқамалар берілді. Бұл жұмыстар адамдарды өз құқықтарын қорғауға, сонымен қатар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін қажетті қадамдарды дұрыс жасауды үйретуге бағытталған.

Аталған акция аудан әкімі аппараты мамандары және құзырлы мекеме қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылуда.

Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе қоғамда орын алып жатқан түрлі жағдайлар мен оқиғалар арқылы ерекше назарға алынуда, себебі зорлық-зомбылықтың әсері тек жеке тұлғаларға ғана емес, тұтас қоғамға да кері әсерін тигізеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Әдетте, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып келеді, ал бұл өз кезегінде отбасының ішкі тұрақтылығына қатер төндіреді. Отбасы – бұл қоғамның бір бөлшегі.

Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдан қысым көріп, мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Бұл жағдай әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігін көрсетеді, себебі көп жағдайда олар өз құқықтарын білмейді немесе қолдануға қорқады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жасалуда. Бұл шаралар әйелдерге өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін беру арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алуды көздейді.

ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Алдыңғы

В АЛЬ-ФАРАБИЙСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЕЛ ОБЩЕГОРОДСКОЙ СУББОТНИК

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *