Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ:  АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы «Оңтүстік» индустриалды аймағында өтті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, қалалық партия филиалы жанындағы аймақтық кеңес төрағасының орынбасары Гүлайым Шунғараева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Алмагүл Кенжеханова, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов, «Атамекен» ҰКП Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері, кеңес мүшелері және партия өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде индустриалды аймақтың жұмысы мен партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов аталған бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында баяндама жасады.
Отырыс аясында жұмысшы топ аймақтағы бірқатар өндіріс нысандарын аралады. Алдымен жұмысшы топ «KazMedProm» ЖШС-де болды. 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл кәсіпорын медициналық қолғап өндіруге маманданған. Жобаның жалпы құны – 2,5 млрд теңге. Зауыт жылына 82,4 млн дана қолғап шығарады, оның 90%-ы елімізде, 10%-ы Ресейде сатылады. Мұнда 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның өндірісі толық цикл бойынша жүреді және тәулік бойы жұмыс істейді.
Сондай-ақ, жұмысшы топ «BIK KANC» ЖШС де аялдады. 2018 жылы құрылған бұл зауыт А4 және А3 форматындағы кеңсе қағазын өндіреді. Жылдық қуаттылығы – 2 880 000 бума қағаз. Қазіргі таңда мұнда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнім еліміздің барлық өңірлеріне жеткізіледі. Қазір өндірістің І кезеңі жұмыс істеп тұр, ал ІІ кезеңді 2027 жылы іске қосу жоспарланған.
Отырыста кәсіпорындардың дамуы, жұмыс орындарын арттыру, жергілікті кадрларды қолдау және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды. Кеңес мүшелері өндірістік нысандардың әлеуетін жоғары бағалап, олардың аймақ экономикасына қосар үлесі зор екенін атап өтті.

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *