ЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҚ АТУДАН XVI АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Бас Прокуроры — Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асыловпен, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналинмен бірге осы ауқымды спорттық іс-шараның ашылу салтанатына қатысты.
Қала басшысы спортшыларды, жаттықтырушылар мен қонақтарды чемпионаттың басталуымен құттықтап, ұйымдастырушыларға, спорт федерацияларына және турнирді жоғары деңгейде өткізуге күш салған азаматтарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген чемпионатқа мәртебелі қонақтар жиналды. Олардың қатарында Халықаралық спорттық ату федерациясының президенті Лучано Росси, Азия ату конфедерациясының басшысы шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, әлемдік спорт ұйымдарының өкілдері бар. Олардың қатысуы жарыстың жоғары мәртебесін аңғартады.
16-30 тамыз аралығында өеттін чемпионат аясында 700-ден астам медаль ойналады.
Чемпионатта 26 елден 800-ден астам спортшы бақ сынауда. Атап айтқанда, Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Иран, Индонезия, Қазақстан, Катар, Қытай, Кувейт, Ливан, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур, Тәжікстан, Тайбэй, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Жапония елінің өкілдері Шымкент қаласында сайыс көрігін қыздырып жатыр.
Сайыста нысана көздеуден пневматикалық тапанша — 10 метр, 25 метр, 50 метр, мылтық — 10 метр, 50 метр, қозғалмалы нысана жеке және командалық есепте, Стенд ату бойынша трап, скит, скит\микс, трап\микс, дубль-трап – жеке және командалық есепте үздіктер анықталады. Чемпионат ерлер, әйелдер, жастар, жасөспірім ұлдар, қыздар арасында өткізіледі.
Сондай-ақ, іс-шара барысында “Shymkent Shooting Plaza” ату кешенінің жаңа ғимараты ашылды.
Шымкентте ашылған XVI Азия чемпионаты — әлемнің түкпір-түкпірінен келген ату спортындағы үздіктердің басын қосқан ауқымды іс-шара. Бұл чемпионаттың ұйымдастырылуы халықаралық деңгейде еліміздің спорттық әлеуетін танытуға үлкен мүмкіндік беруде. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен өткен ашылу салтанатында спортшылар мен қонақтар жарыстың жоғары деңгейде өтетінін білдіріп, оған үлкен үміт артты.
Чемпионаттың мақсаты тек жеңімпаздарды анықтау емес, атқыштар спортын дамыту, спортшылардың шеберлігін арттыру, сондай-ақ жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби деңгейін көтеру болып табылады. Бұл жарыс елдің спорт саласына жаңа серпін беріп, Шымкентті халықаралық ату спортының орталығына айналдыру жолында маңызды қадам болып табылады.

ШЕКАРАШЫЛАР 33 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Алдыңғы

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛ XVI ЧЕМПИОНАТ АЗИИ ПО СПОРТИВНОЙ СТРЕЛЬБЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *