Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚҚА БЕЛСЕНЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының аудан аумақтарында «Таза қала» жалпықалалық сенбілік іс-шарасы өтті. Қала әкімдігінің барлық басқармалары мен құрылымдық бөлімдері қызметкерлері белгіленген аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында қалада сенбілік іс-шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Бүгінгі іс-шараға қала тұрғындары да белсене қатысып, бірге еңбек етті. Қызметкерлер мен тұрғындар өзен-бұлақ бойларын, саябақтар мен көше бойларын қоқыстан тазартты. Шымкенттің тазалығын қамтамасыз ету үшін барша қала тұрғындары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеді.

Дәстүрлі акция барлық аудан аумақтарында ұйымдастырылды. Қаланың тазалығы баршаға ортақ міндет екені айтылды. Аудан ардагерлері мен белсенді азаматтар оң бастаманы қолдап, ұйымшылдық танытып отыр.

Еңбекші ауданында да сенбілік жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімдігінің қызметкерлері, ардагерлер, жастар қала тазалығына үлес қосып, қоқыстарды шығарды. Жалпы, акцияға 400-ден аса қызметкер, 33 техника тартылды. Қала тұрғындары мен қызметкерлер бірлесіп, аулаларды ретке келтіріп, көше бойларын тазалады.

Абай ауданында да тазалық жұмыстары атқарылды. 400-ден астам қызметкер, 15 техника жұмылдырылып, қураған ағаштар мен бұтақтар алынды, шөп шабу және ору жұмыстары жүргізілді. Санитарлық тазалау шаралары осы бағытта одан әрі жалғасатын болады.

Қаратау ауданында 440 қызметкер мен 25 техника жұмылдырылды. Аудан аумағында 46,9 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, қураған ағаштар кесіліп, шөп шабылды. Аудан әкімдігі тарапынан да 240 қызметкер тазалық жұмыстарына қатысты.

Бұл іс-шаралар қала тұрғындарының бірлігі мен жауапкершілігін көрсетіп, қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған. «Таза қала» сенбілігі халықтың экологиялық сана-сезімін қалыптастырып, қаланың көркеюіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.

Шымкент қаласында ұйымдастырылған «Таза қала» жалпықалалық сенбілігі тек қала тазалығын сақтап қана қоймай, тұрғындар арасында жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да бағытталған маңызды шара болып табылады.

Осындай акциялар қала тұрғындарын бір арнаға тоғыстырып, ортақ іске жұмылдырады, бұл өз кезегінде Шымкенттің гүлденуіне үлкен үлес қосады. Әр ауданның тұрғындары мен қызметкерлерінің белсене қатысуы, олардың күнделікті өмірінде экологиялық мәселелерге деген көзқарасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл шаралар қала әкімдігінің экологиялық ахуалды жақсарту бойынша қабылдаған шараларының бір бөлігі болып табылады. Қаланың тазалығын сақтау мен дамыту — бәріміздің ортақ міндетіміз, сондықтан осындай сенбіліктердің жиі өткізілуі, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, Шымкентті таза әрі жасыл қалаға айналдыруға көмектеседі. Келешекте де осындай шаралар жалғасып, қаланың дамуы мен көркеюіне өз септігін тигізетін болады.

Дін өкілдері клубының кезекті отырысы өтті

Алдыңғы

ШЕКАРАШЫЛАР 33 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *