Елімізде тамыз айында құрылыс және жол салалары қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтеді. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар — ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттап, үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті. Бұл іс-шара қаланың құрылыс саласындағы білікті мамандардың еңбегін жоғары бағалауға бағытталды.
Қала басшысы сала мамандарының орасан еңбегіне тоқталып, қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігін, жауапкершілігін атап өтті. Олардың күш-жігерінің арқасында қалада жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бой көтеруде. Бұл игілікті істер халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуде және қалада күн сайын артып келе жатқан тұрғындардың қажеттіліктеріне сай инфрақұрылымдарды дамытуға ықпал етіп отыр.
Шымкентте республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан бері 4,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді. Биылдың өзінде 1,37 миллион шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Өткен жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 жаңа мектеп пен 2 оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Сонымен қатар 17 білім беру нысаны мен бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда да ауқымды жобалар іске асуда. Жыл сайын орта есеппен 250 шақырым жол жөнделсе, биыл бұл көрсеткіш 1 059 шақырымға жетеді. Бұл жұмыстар қаланың жол жүйесін заманауи талаптарға сай жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қала басшысы құрылыс және жол салалары қызметкерлерінің еңбекқорлығын және кәсібилігін атап өтіп, болашақта қаланың одан әрі дамуына, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың іске асырылатынын мәлімдеді. Құрылыс және жол салаларының қызметкерлері алдағы уақытта да осы маңызды жұмыстарды жоғары деңгейде атқара отырып, мегаполистің инфрақұрылымдық дамуына өз үлестерін қосатын болады.
Алдағы уақытта да құрылыс және жол салаларының қызметкерлері қаланың инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асырып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға зор үлес қоса беретін болады. Тұрақты түрде жаңартылатын қала инфрақұрылымы мен жаңа жобалардың іске асырылуы қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне ықпал етеді.
Comments