ҚоғамСаясат

«Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалында жаңа Төраға тағайындалды

Шымкентке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Төрағасының орынбасары Қуаныш Қабыкенұлы іс-сапармен келді. Сапар аясында партияның Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының жаңа Төрағасы ресми түрде тағайындалып, жергілікті партия активіне таныстырылды. Бұл тағайындау партияның өңірлік құрылымдарын нығайту мен жұмысты жандандырудағы маңызды қадам болып табылады.

Кездесу барысында партияның алдағы жұмыс жоспары, өңірдегі басым бағыттары, ауыл шаруашылығын қолдау, ауылдық аумақтарды дамыту, сондай-ақ қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Қуаныш Қабыкенұлы өз сөзінде партияның міндеттеріне тоқталып, Шымкент қаласының маңыздылығын атап өтті:

  • «Ауыл» партиясы әрқашан халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуды басты міндет деп санайды. Шымкент қаласы – өңірлік орталық қана емес, ауылдан қалаға ағылған халықтың негізгі тоғысатын нүктесі. Сондықтан мұнда біздің жұмысымыз өте қарқынды әрі нәтижелі болуы керек», – деді Қуаныш Қабыкенұлы.

Оның айтуынша, партия жергілікті жерлерде қоғамдық қабылдау қызметін күшейтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тікелей тыңдауға басымдық беруді жоспарлап отыр. Бұл бастама партияның халықпен тығыз байланыс орнатып, олардың мәселелерін дер кезінде шешуге бағытталған.

Іс-шара барысында партияның мақсаттары мен міндеттері туралы сөз қозғалмай, басты назар қоғамның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға, әсіресе ауылдық аймақтардың дамуына бағытталды. Партияның басшылығы өңірлік құрылымдарын нығайтып, жергілікті тұрғындармен байланыс орнату мен қоғамдық-саяси белсенділікті күшейтуге бар күшін салмақ.

В АЛЬ-ФАРАБИЙСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЕЛ ОБЩЕГОРОДСКОЙ СУББОТНИК

Алдыңғы

ШАҺАР БАЗАРЛАРЫ ЖАҢАРУДА: САУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚАЛА КЕЛБЕТІ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *