Мәдениет

Әуенге бөленген Шымкент кештері

Шымкенттің көрікті жерлерінде жаздың жайма-шуақ кештерін әсем әуен мен өнердің өрнегі безендіруде. Ашық аспан астында өтіп жатқан «Шымқала кештері» атты концерттік іс-шаралар апта сайын қала халқын қуанышқа бөлеп келеді.
Кешкі самалмен бірге тараған әуен, сахнадағы түрлі өнер ұжымдары мен шығармашылық топтардың өнері көрермен көңілін көтеріп, ерекше әсер қалдырады. Ән мен күй, поэзия мен би тоғысқан бұл мәдени басқосулар шымкенттіктердің жазғы кешін шырайландыра түсті.
Ал, Шым сити саябағында қалалық опера және балет театрының әртістері ашық аспан астында көрерменге классикалық туындыларды тарту етті. Кешкі самалмен астасқан нәзік әуен мен би қимылдары көрерменді өнердің сиқырлы әлеміне жетеледі.
-Мұндай кештер күнделікті күйбең тіршіліктен алыстатып, рухани серпіліс сыйлайды. Балаларыммен бірге келіп, таза ауада, әуен тыңдап, театр тамашалау – үлкен ғанибет. Барлық өнерпаздарға алғысымыз шексіз, — дейді қала тұрғыны Ақерке Сәрсен. Ал тағы бір көрермендердің бірі бұл мәдени жоба қаланың ажарын ашып, шырайын келтіріп жүргенін, жұртты бірлікке ұйыстыратынын атап өтті.
«Шымқала кештері» – қаланың мәдени тынысын айқындайтын, өнер мен көрерменді жақындататын дәстүрлі мерекеге айналып келеді.

«Шымқала кештері» – қаланың мәдени тынысын айқындайтын, өнер мен көрерменді жақындататын дәстүрлі мерекеге айналып келеді. Бұл іс-шаралар тек мәдениетті дамытуға ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға, ортақ қуаныш пен мақтаныш сезімін оятуға да үлкен ықпал етеді. Кештер өздерінің қолайлы атмосферасымен, шығармашылық көпшілікті біріктіріп, қаланың рухани дамуына зор үлес қосуда.

Осындай мәдени кештер қала тұрғындары мен қонақтарына тек өнердің қазынасынан ләззат алуға ғана мүмкіндік бермей, сонымен қатар жастар арасында шығармашылықты дамытуға, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыруға да зор әсер етеді. Әр кеш жаңа туындылар мен ерекше көріністерге толы, сондықтан «Шымқала кештері» келешекте де үлкен сұранысқа ие болатыны анық.

Шымкенттің бес ауданында жаппай сенбілік өтті

Алдыңғы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауы

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *