Жаңалықтар

ТҰРАН МЕН ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Шымкент қаласының Тұран және Қаратау аудандарында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Тұран ауданында тазалық жұмыстары бір мезетте бес жерде өтті. Іс-шараға 20-дан астам арнайы техника, коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, ауданның ардагерлері, белсенділері мен еріктілер, сондай-ақ әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды.
Тұран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды тұрғындарға үндеу жасап, тазалық жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.
— Тазалық -мәдениеттіліктің, ұқыптылықтың көрсеткіші. Қоршаған ортаға құрмет өз үйіміздің ауласынан басталады. Бүгінгі сенбілік — табиғатқа жанашырлық танытудың бір көрінісі, — деді ол.
Ақ жаулықты әжелеріміз де жастарға үлгі болып, қолына қолғап пен қап алып тазалық жұмысына белсене қатысты.
— Табиғат — біздің аманатымыз. Аула, көше, саябақтарымыздың таза болуы — болашақ ұрпаққа қалдыратын мұрамыз. Сондықтан мұндай шараларға барша тұрғындар атсалысуы қажет, — дейді аналар.
Жалпы бүгінде Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының оң нәтиже көрсетіп жатқанын айтады. Қалада тазалық мәдениеті қалыптасып келеді, ал бұл бастаманы көпшілік жылы қабылдап, белсенді қолдауда.
Қаратау ауданында да ауқымды сенбілік өтті. Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев тұрғындарды бірлікпен еңбек етіп, өз ортасын таза ұстауға шақырды. Мұнда да қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлік нысандар мен әкімдік өкілдері бірігіп, көшелер мен аулаларды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
“Тазалық — иманның жартысы” десек, осындай тазалық шаралары қала экологиясын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға, қоғам алдындағы міндетін атқаруға шақыратын амал. Бұл шаралар тек тазалықты сақтауды ғана емес, сондай-ақ адамдар арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға септігін тигізеді. Мұндай бастамалар елдің экологиялық санасын арттыруға ықпал етеді.

АБАЙДЫҢ БИІГІ

Алдыңғы

Шымкенттің бес ауданында жаппай сенбілік өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *