Жаңалықтар

ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ, ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласында еңбек қорғау саласындағы өзекті мәселелер, жалақы қарызы, қауіпсіздік талаптары және заңбұзушылықтар туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Мақұлбаев Жеңіс Тілләбайұлы баяндады.
Бүгінде Шымкенттегі 13 кәсіпорын 90 қызметкерге 133,46 млн теңге көлемінде жалақы берешегін өтеуге міндетті. Қарыздың ең көп сомасы бірнеше ірі кәсіпорындарға тиесілі болып отыр. Ағымдағы қарыздың ең көп сомасы:
• «Шымкентхиммонтаж» ЖШС – 19 млн теңге (3 жұмысшы),
• «Total Industry» ЖШС – 4,7 млн теңге (4 жұмысшы),
• «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС – 5,7 млн теңге (7 жұмысшы).
Жеке сот орындаушылары арқылы 4 кәсіпорынға қатысты мәжбүрлі өндіріс жұмыстары жүргізілуде.
Ең күрделі жағдай – банкроттық пен оңалту рәсіміндегі 8 кәсіпорын. Олар 72 жұмыскерге 102,3 млн теңге берешек. Бұл — барлық берешектің 77,3% үлесін құрайды. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш 2025 жылдың ақпан айынан бері өзгеріссіз қалып отыр.
Дегенмен, қабылданған шаралар нәтижесінде 170 жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 60,4 млн теңге жалақы қайтарылды.
Жалақы берілмеуіне байланысты «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС жұмысшылары БАҚ-қа жүгініп, ұжымдық еңбек дауы туындау қаупі пайда болды. Департамент мамандары дереу араласқан соң, 7 жұмыскерден ұжымдық шағым түсіп, тексеру басталды. Белгілі болғандай, компания өнімдерін Еуропа нарығына шығара алмай, қаржылай қиындыққа тап болған.
Берешек – 5,7 млн теңге. Компания жалақыны 23 маусымға дейін өтеуге уәде бергенімен, бұл орындалмай, құжаттар жеке сот орындаушылар палатасына тапсырылды. Қазіргі таңда бұл мәселе тұрақты бақылауда.
Жыл басынан бері Шымкентте 13 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, соның салдарынан 9 адам ауыр жарақат алып, 4 адам қаза тапты. Оқиғалардың негізгі себептері:
• Жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер – 8,
• Жұмысшының өрескел абайсыздығы – 3,
• Жол-көлік оқиғасы – 2.
Өндірістік жарақаттардың көпшілігі жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауынан және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан туындағаны анықталды. Бұл жағдай еңбек қауіпсіздігіне қатысты бақылаудың күшейтілуі қажеттігін көрсетеді.

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Алдыңғы

ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *