Шымкент қаласы жыл өткен сайын өсіп келе жатқан мегаполис ретінде экологиялық мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Қаладағы экологиялық жағдайдың нашарлауы тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін тиімді іске асыруды талап етеді. Соның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару – бүгінгі күннің басты экологиялық міндеттерінің бірі. Қаланың өсіп-өркендеуі бұл мәселелердің көбеюіне себеп болып отыр, сондықтан осы бағытта кешенді шешімдер қабылдау қажет.
Қаладан қалдықтарды тасымалдаумен 15 кәсіпорын айналысады. Жалпы саны 113 автокөлік, олардың 88-і GPS жүйесімен жабдықталған. Бұл цифрлық технология қалдықтарды тасымалдау процесін бақылауға, жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, қоқыс жинау және тасымалдау процестері жылдам әрі ыңғайлы болмақ.
Экологияны жақсарту мақсатында қабылданған «Шымкент қаласының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасы» (2020–2025) аясында 24 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде:
-
Атмосфералық ауа – 6 іс-шара
-
Көгалдандыру – 6
-
Су ресурстары – 5
-
Қалдықтарды басқару – 7
-
Жер ресурстарын қорғау – 1
Қазіргі таңда экологияны жақсарту бағытындағы іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы әртүрлі деңгейде.
-
7 іс-шара толық орындалды,
-
6 – толық орындалмаған,
-
11 – орындалу үстінде.
Орындалған маңызды шаралар:
-
Көлік шығарындыларын бақылау бойынша рейдтік шаралар.
-
Ірі кәсіпорындарда автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйелерін енгізу.
-
Қаланың жасыл желектерін төлқұжаттау және реестр жасау.
-
Сәуле шағынауданында саябақ салу.
-
Су объектілерінің су қорғау белдеулерін бекіту.
-
Қалдықтарды сұрыптау қуаттылығын арттыру.
-
Бей-берекет қоқыс үйінділерін жою.
2025 жылдың екінші жартысына арналған Экология департаментінің басты жоспарлары:
-
Жол картасының орындалуын бақылау жалғастырылады;
-
16 кәсіпорынға профилактикалық және сәйкестікке тексеру жүргізіледі;
-
Қала аумағындағы өзендерге, ірі кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарына мониторинг жасалады, атап айтқанда:
-
Қошқар ата, Қарасу, Бадам, Сайрамсу өзендері;
-
-
Бей-берекет қоқыс орындарын анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылады;
-
Кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша құзырлы органдармен бірлесіп іс-шаралар өткізіледі.
Шымкент қаласындағы тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі – әлі де дамытуды қажет ететін сала. Мамандар қалдықтарды сұрыптау қуаттарын ұлғайтып, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті көтеру қажеттігін алға тартуда.
Қала билігі мен экология саласындағы құзырлы органдар бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуге ниетті. Экологиялық сананың арттыруы мен жаңа технологияларды енгізу қаланың жасыл экономикасын дамытуға маңызды үлес қосады.
Comments