Жаңалықтар

Туристік индустрия өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтіп жатыр

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы 29 – 31 шілде аралығында қонақ үй, рестораторлар бизнес әкімшілеріне және гид-экскурсоводтарға арналған оқыту семинарын өткізіп жатыр. Барлық деңгейдегі қонақ үй, ресторатор бизнесінің әкімшілеріне және гид-экскурсоводтарға арналған бұл іс-шара қатысушыларға практикалық білімді ғана емес, сонымен қатар қарқынды және бәсекеге қабілетті қонақжайлылық индустриясында табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Семинарлардың спикерлері туристік индустриясында тәжірибесі мол, танымал мамандар.
Қонақжайлылық индустрия саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар, қонақ үй бизнесін дамыту бойынша сарапшы, Sheraton, Hilton Hotels и Emirates Airline халықаралық компанияларында қызмет еткен, ICBT халықаралық мектебінің бизнес-тренерлерді даярлау бойынша сертификатының иегері бизнес-тренер Диана Урманова тәжірибесімен бөліседі.
Қоғамдық тамақтану саласы бойынша сервис-тренер, сервис және қонақжайлылық саласындағы сарапшы, PhD, қызмет көрсетуші персоналды кәсіби даярлаудың алғашқы мектебінің бастамашысы, ментор, 16 жылдан аса тәжірибесі бар Машков Александр Юрьевич сабақ өтеді.
Евгений Зальберг — гидтерді, турлидерлерді, қонақүй мамандарын және туроператорларды оқытатын маман. Оқыту бағыттары — күрделі жағдайлардағы жұмыс (проблемалық туристер), жергілікті қауымдастықтарды тарту арқылы бірегей туристік маршруттарды құрастыру, туристік өнімдерді жекелендіру және тиімді таныстыру, кері байланыспен жұмыс істеу және клиентке бағдарланған қызмет көрсету дағдылары.
АҚШ-тың Бостон қаласындағы Grand Circle Corporation, компаниясында 12 жыл жұмыс істеп, турлидерден бастап корпоративтік тренер және аймақтық сапа директоры қызметтерін атқарған. Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Швейцария елдерінде туризм саласы бойынша семинар-тренингтер өткізген тәжірибелі тренер гид-экскурсоводтарға дәріс береді.
Айта кетейік, бұл қонақжайлылық саласындағы сервисті жақсарту аясында өткізілетін алғашқы семинар-тренинг емес. «Visit Shymkent» ТАО-ң ұйымдастыруымен 2021 жылы алғаш рет өткен семинар-тренингтер бүгінге дейін жалғасын тауып отыр. 2025 жылы бесінші рет өткізіліп жатыр.
Осы жылдар аралығында отандық мамандармен бірге Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан келген жаттықтырушы мамандар өз тәжірибесімен бөлісті, туристік индустрияның 340-тан астам өкілі біліктілігін арттыру туралы сертификат алды.

ШЫМКЕНТТЕ АЯЛДАМА ПАВИЛЬОНДАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Алдыңғы

Шымкент қаласында бірқатар нысандардың құрылыс барысы тексерілді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *