Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ АЯЛДАМА АТАУЛАРЫН ДЫБЫСТЫҚ ХАБАРЛАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында жолаушылар тасымалы саласы кезең-кезеңімен жаңартылып, заманауи технологиялармен жабдықталуда. Қоғамдық көліктің тиімділігін арттыру және қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау үшін жаңа бастамалар енгізілуде. Бүгінгі таңда қалада 82 бағыт бойынша 1120 автобус тұрақты түрде халыққа қызмет көрсетуде. Бұл бағыттарда қаланың 11 көлік компаниясы өз қызметін атқарып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге тырысады.

Қоғамдық көліктегі қызмет сапасын арттыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында аялдама атауларын дыбыстық хабарлау жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүйе жолаушылардың қоғамдық көлікте оңай әрі жылдам бағдар алуға мүмкіндік береді. Жоба жеке инвестор – «Smart Mobility» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылуда, бұл өз кезегінде жүйенің жоғары сапада және уақытылы іске қосылуына жағдай туғызуда.

Қазіргі уақытта бұл жүйе 1003 автобуста орнатылып, күнделікті жолаушыларға сапалы әрі нақты ақпарат ұсынылуда. Дыбыстық хабарлар жолаушыларды бағытқа қатысты ақпаратпен қамтамасыз етеді, бұл әсіресе қала тұрғындары мен қонақтары үшін аса маңызды. Жыл соңына дейін қалған 117 автобуста (төрт компанияға тиесілі) дыбыстық хабарлау жүйесі толық енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Бұл жоба қаладағы қоғамдық көлік қызметінің қолжетімділігін арттырып, қала тұрғындарының уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін дыбыстық хабарлау жүйесі барлық автобустарға 100% көлемде орнатылады. Бұл бастама қалада жүріп жатқан инклюзивті даму саясатының бір бөлігі болып табылады және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар, дыбыстық хабарлау жүйесі қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттырып, тұрғындарға сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл жоба қала өміріне тың өзгерістер енгізіп, қоғамдық көліктердегі жолаушылардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін арттырады. Шымкент қаласының әкімдігі алдағы уақытта да осындай инновациялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр, бұл қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және қаланың инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосады.

ТАМЫЗ АЙЫНДА ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Алдыңғы

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАЛАЙ САБАҚ ӨТІП ЖАТҚАНЫ ОНЛАЙН БАҚЫЛАНАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *