Жаңалықтар

ТАЗА БЕЙСЕНБІ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Шымкент қаласында өткен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы ұйытқы болды. Бұл жолғы акция Әл-Фараби ауданындағы Ескі қалашық мөлтек ауданында ұйымдастырылып, қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 50-ге жуық адам атсалысты. Акцияға қалалық және аудандық филиалдардың қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық қызмет мекемесінің жұмысшылары қатысып, жалпы аумақты тазартты.

Қатысушылар Қошқар-ата өзенінің жағалауын қоқыстан тазартып, бейберекет өскен шөптерді шауып, қураған ағаштарды қырқып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, өзен жағалауын экологиялық тұрғыдан дұрыс күтіп ұстау қажеттілігі туралы кеңестер берді. Бұл шара қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға үлкен септігін тигізді.

Жыл басынан бері «Таза бейсенбі» акциясы осымен 31 рет өткізіліп, оған 2500-ден астам қала тұрғыны қатысып, 26 тоннадан астам қоқыс шығарылды және 200-ден аса ағаш көшеті отырғызылды. Бұл акциялар Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қала тұрғындарын табиғатты қорғауға шақыруға бағытталған.

Акция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылып келеді. Бұл жоба еліміздің әрбір азаматын табиғатқа жанашыр болуға, қоршаған ортаны таза ұстауға ынталандыруды мақсат етеді. Жобаның басты мақсаты – Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту, сондай-ақ табиғатқа деген құрмет пен ұқыптылықты қалыптастыру. «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде әртүрлі экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізіліп, қалалар мен ауылдарда экологиялық тазалықты сақтау үшін қоғамдық ұйымдар, азаматтық сектор және мемлекеттік құрылымдар бірлесіп жұмыс істейді.

Бұл жұмыстардың барлығы да Қазақстанның әрбір өңірінде экологиялық сананы қалыптастыруға және табиғатты қорғау мәселесіне тұрғындардың назарын аударуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде табиғатқа зиян келтірмеуге, қоршаған ортаны сақтап қалуға бағытталған түрлі шаралар өткізу жалғаса беретін болады.

Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

Алдыңғы

В рамках акции «Таза Қазақстан» проведены работы по очистке берега реки Қошқар Ата

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *