Абайдың биігі – жай ғана бір тұлғаның тағдыры емес, бүкіл бір ұлттың өркеш-өркеш тарихы мен тағдырының шыңы.
Ол шыққан асу – рухтың асқақ биігі, ойдың тұңғиық тереңі, ардың өлшемі.
180 жыл бұрын туған сәбидің есімі бүгінде қазақтың жүрегінде – мәңгілік шырақ, мәңгілік бағдар.
Ол – өткеніміздің айнасы, келешегіміздің шамшырағы. Абайға қарау – өзімізді тану, Абайды оқу – ардың алдында есеп беру. Оның әрбір сөзі – заманның сынағына төтеп беретін рухани қорған, әрбір ойы – көкірегімізді оятатын қоңырау.
Бүгінгі ұрпақтың міндеті –сол биікке ұмтылу, сол өреге жету үшін талмай іздену. Абайдың сөзі – біздің темірқазығымыз, Абайдың арманы – біздің жолымыздың шамшырағы.
Алашым,
Абайдың асқарына көз тастағанда өзіңнің кім екеніңді, қайдан шыққаныңды және қайда бара жатқаныңды ұмытпа.
Қобланды АБЕНОВ
Comments