Сауран ауданының мақтанышы, жас спортшы Мадхия Усманова әйелдер еркін күресінен 17 жасқа дейінгі (U17) жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды!
Дүбірлі дода Грекияның Афины қаласында өтті. 57 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз финалда Үндістандық спортшы Мониді 6:5 есебімен ұтып, әлемдік аренада ел абыройын асқақтатты.

Comments