Жаңалықтар

ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен кезекті және маңызды аппараттық мәжілісте аудан әкімдері мен бірқатар басқарма басшыларының белсенді қатысуымен қаланың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы мамандар тарапынан талқыланды.

Жалпы, мәжіліс барысында қаланың қазіргі уақыттағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қарастырылды. Күн тәртібінде шұғыл әрі өзекті мәселелердің бірі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Жайлы ортаны дамыту, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының атқарған жұмыстары бойынша толыққанды есептері тыңдалды.

Атап айтқанда, аудандарда заманауи жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаланың ішкі көшелерінде асфальт төсеу, жолдарды қалпына келтіру және жаңарту шаралары жүйелі түрде жалғасуда. Сонымен қатар, қала тұрғындарының пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңа ойын және спорт алаңшалары, гүлзарлар халық игілігіне берілуде.

Қаланың шет аймақтарында жаңа тұрғын үйлердің салынуына байланысты жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында үш мекенжайда құрылыс жұмыстарын жүргізетін инженерлік инфрақұрылым құрылысы іске асырылуда.

Көше қиылыстары мен жол жиектеріне раушан, қызғалдақ және біржылдық гүлдер отырғызылып, қаланың табиғи көрінісін жақсарту мақсатында көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, «Отбасы аллеясы», «Этно», «Жеңіс» саябақтарында балалар ойын алаңдары орнатылып, пайдалануға берілді. Бұл алаңдар балалардың қауіпсіз ойнауына және демалуына арналған, олардың жайлы жағдайда уақыт өткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, С.Бәйтереков атындағы гүлзарда, «Алатау» және «Абай» саябақтарында да балаларға арналған алаңдар іске қосылды.

Су нысандарының жағдайын жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, қала маңындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Қошқар-ата» өзенінің жағалауын абаттандыру, «Кәусар» каналының бірінші және екінші кезеңі, «Ақсай-Қарабастау» каналы мен «Ақжар» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, каналдарды қалпына келтіру және тазарту бойынша механикалық тазалау жұмыстары тұрақты түрде іске асырылуда.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қала әкімі, Ғабит Сыздықбеков, жауапты сала басшыларына аталған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын, тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АЯҚЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *