Жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТЗАЛ ЖӘНЕ ШАХМАТТАН АУДАН БІРІНШІЛІКТЕРІ БАСТАЛДЫ

✔️«Vape Out — Жарқын өмірге жол аш!» республикалық форумы аясында бүгін Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Иқан мектеп-гимназиясында футзал және шахмат спорт түрлерінен Сауран ауданының біріншіліктерінің ашылу салтанаты өтті.
✔️Іс-шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қабдыраш және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы қатысты.
✔️Салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқап басталды. Алғы сөзді Ерболат Балғабаев, Бауыржан Қабдыраш және Ғалымжан Худияров алып, спорттық шараның жасөспірімдердің денсаулығы мен тәрбиесі үшін маңыздылығына тоқталды. Олар қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттағы әділдік пен достық рухының маңыздылығын атап өтті.
✔️Жарысқа Сауран ауданының 12 ауылдық округінен құралған жасөспірімдер құрамалары қатысып жатыр. Футзал біріншілігіне 2013-2014 жылы туған жас спортшылар бақ сынауда. Сонымен қатар шахматтан аудан біріншілігі де қатар ұйымдастырылып, жас шахматшылар өзара мықтыны анықтайтын болады. Бұл бастама — жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды шара.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

САУРАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Алдыңғы

На Кошкарате отдыхают тысячи шымкентцев, а мусор убирают десятки

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *