Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА «VAPE OUT — ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ ЖОЛ АШ!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

✔️Бүгін Сауран ауданында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында республикалық «Vape Out — Жарқын өмірге жол аш!» атты форум өтті. Іс-шара Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.
✔️Форум басталар алдында ауданның белсенді жастары арнайы флешмоб ұйымдастырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жастардың бірлігі мен креативтілігін көрсеткен бұл флешмоб көпшіліктің назарын аударып, форумның негізгі идеясына серпін берді.
Негізгі мақсаты — Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен түсіндіру арқылы қоғамда, әсіресе жастар арасында вейп пен басқа да зиянды әдеттерге мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Сондай-ақ жастар мен жасөспірімдерді тәуелділіктің алдын алуға үндеу, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру да форумның басты міндеттерінің бірі болды.
✔️Жиынға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қабдыраш, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері, жастар және зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
✔️Форумның алғы сөзін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров сөйлеп, аудан аумағындағы жастар саясаты, олардың жетістіктері және атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде:
– Жастардың денсаулығын қорғау — қоғамның болашағын қорғау. Біз вейп, «дроп» және басқа да зиянды әдеттерге қарсы күресті жүйелі түрде жүргізуіміз керек. Әр ауыл, әр отбасы бұл бағытта ортақ үлес қосуы тиіс, — деп атап өтті.
✔️Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев вейп өнімдерінің елімізге заңсыз әкелінуі, оның жастардың денсаулығына тигізетін кері әсері және оған қарсы құқықтық шаралар туралы кеңінен түсіндірді:
– Бүгінде вейп — жастар арасында кең таралған, бірақ денсаулыққа аса зиянды әдеттердің бірі. Оның құрамындағы химиялық заттар тыныс алу жүйесіне және жүрек-қантамыр ауруларына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл өнімдердің көпшілігі заңсыз айналымда жүр. Біз заңсыз өнімдерге тосқауыл қою үшін бақылау шараларын күшейтіп жатырмыз, — деді Ерболат Балғабаев.
✔️ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қабдыраш мемлекеттік тәртіп пен қаржылық ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып:
– Қоғамдағы тәртіп пен заңдылық тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әр азамат заңды сақтауға, мемлекет қаржысына және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға міндетті. Бұл — жастар тәрбиесінде де басты қағида болуы тиіс, – деді.
✔️Аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл Гүлзия Қарсыбай вейп және «дроп» ұғымдарының мәні мен олардың қауіптілігі туралы кеңінен түсіндіріп, құқықтық жауапкершілікке назар аударды.
✔️Форум аясында «Вейпсіз — аудан» атты арнайы акция бастау алып, бұл бастама аудан көлемінде кең қолдауға ие болды. Бұл акцияны Сауран ауданының 12 ауылдық округінің тұрғындары, аудан ақсақалдары, белсенділері мен жастары бірауыздан қолдады. Қатысушылар бұл бастаманың қоғам үшін үлкен тәрбиелік мәні бар екенін атап өтті. Шара барысында әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, тақырыптық музыкалық қойылымдар ұсынылды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚЫЗМЕТ ӨТКІНШІ — АБЫРОЙ МӘҢГІЛІК

Алдыңғы

САУРАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *