Жаңалықтар

ҚЫЗМЕТ ӨТКІНШІ — АБЫРОЙ МӘҢГІЛІК

Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласында ұзақ жылдар бойы тынымсыз еңбек етіп, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Намазбаев Қанабек Билібекұлы зейнеткерлікке шықты.

Осыған орай, Қаратал ауданының әкімі Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы ардақты азаматты арнайы қабылдап, құрмет көрсетіп, иығына шапан жауып, ізгі тілегін білдірді.

Қанабек Билібекұлының еңбек жолы — аудан тарихымен сабақтас, елдік мұрат жолындағы еселі еңбектің айғағы. Ол ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді шешуде тың тәсілдер ұсынып, саланың ілгерілеуіне айтарлықтай үлес қосты. Көп жылдар бойы аудан әкімдігінің аталған бөлімінде сектор меңгерушісі қызметін абыроймен атқарған Қанабек аға — өз ісінің білгірі, әділ де қарапайым болмысымен әріптестері мен елдің құрметіне бөленген тұлға.

Салтанатты қабылдау барысында аудан әкімі:

– Қанабек Билібекұлы – өз ісіне адал, мол тәжірибесімен, сабырлы да салиқалы мінезімен ерекшеленетін азамат. Оның еңбегі – ауданымыздың даму жылнамасында ерекше орын алады. Енді, міне, сол абыройлы жолдың лайықты қорытындысы ретінде зейнет демалысына қадам басып отырсыз. Бұл — тоқтау емес, өмірдің жаңа тынысы. Еңбегіңізге алғыс білдіреміз! — деп ризашылығын жеткізді.

Тәуелсіздікпен бірге түлеп, Қаратал өңірінің өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған Қанабек Билібекұлы – жастарға үлгі болатын тұлға. Ауыл шаруашылығы – ел тірегі. Осы саланың әділетті әрі ашық болуына бар күшін жұмсап, ауыл халқымен тығыз қарым-қатынас орнату — үлкен жауапкершілік. Қанабек аға бұл міндетті мінсіз атқарып, ел сенімінен шықты.

Аудан жұртшылығы мен ұжымы Қанабек Билібекұлына шынайы алғысын білдіріп, отбасына амандық, деніне саулық, бейбіт әрі мазмұнды зейнет жасын тілейді. Еңбегі мен есімі ел жадында мәңгілік сақталады.

Қобланды АБЕНОВ

ШЫМКЕНТ: ҚАЗИЕВ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ САЛЫНУДА

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *