Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте аудан әкімдері мен бірқатар басқарма басшыларының қатысуымен қаланың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы талқыланды.

Күн тәртібінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Жайлы ортаны дамыту, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.

Атап айтқанда, аудандарда жол құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қаланың ішкі көшелерінде асфальт төсеу, жолдарды қалпына келтіру шаралары жүйелі түрде жалғасуда. Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңа ойын және спорт алаңшалары, гүлзарлар халық игілігіне берілуде.

Жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында үш мекенжайда инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.

Көше қиылыстары мен жол жиектеріне раушан, қызғалдақ және біржылдық гүлдер отырғызылып, көріктендіру жұмыстары жалғасуда. «Отбасы аллеясы», «Этно», «Жеңіс» саябақтарында балалар ойын алаңдары орнатылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, С.Бәйтереков атындағы гүлзарда, «Алатау» және «Абай» саябақтарында да балаларға арналған алаңдар іске қосылды.

Су нысандарының жағдайын жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, «Қошқар-ата» өзенінің жағалауын абаттандыру, «Кәусар» каналының бірінші және екінші кезеңі, «Ақсай-Қарабастау» каналы мен «Ақжар» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, каналдарды механикалық тазалау жұмыстары тұрақты түрде іске асырылуда.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты сала басшыларына жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – ерекше жандарға сенімді тірек

Алдыңғы

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *