Жаңалықтар

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Шымкент қаласында газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану бойынша тұрғындар арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар газбен байланысты оқыс оқиғалардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
Газ техникалық қызметінің инспекторлары күнделікті тұрмыстық және өндірістік мақсатта газ қолданатын азаматтарға арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандар тұрғындарға газ жабдықтарын дұрыс орнату мен пайдалану, техникалық қызмет көрсету және төтенше жағдай кезінде қандай әрекет ету қажет екені жөнінде кеңес береді.
Негізгі қауіп-қатерлер және алдын алу шаралары:
Газға байланысты жазатайым оқиғалардың негізгі себептері мыналар болып табылады:
Жабық немесе желдетілмейтін бөлмеде газ құралдарын қолдану (әсіресе жуынатын бөлмелерде);
Газ жабдықтарын өз бетімен жөндеу немесе монтаждау;
Ескірген немесе жарамсыз жабдықтарды пайдалану;
Газ плитасы мен газ баллондарын қараусыз қалдыру.
Мұндай жағдайлар адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Осыған байланысты инспекторлар келесі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді:
Газ жабдықтарын орнату және тексеруді тек білікті мамандарға жүктеу;
Газдың иісі байқалған жағдайда дереу терезені ашып, газ көзін өшіру және 104 нөміріне хабарласу;
Желдетілмейтін немесе жабық бөлмелерде газ қолданбау;
Газ құралдарын қараусыз қалдырмау;
Жабдықтарды уақтылы техникалық байқаудан өткізу;
Ішкі газ желісіне (ВДГО) қызмет көрсететін ұйымдармен келісімшарт жасау.
Газ — күнделікті өмірді жеңілдететін қуатты ресурс болғанымен, оны дұрыс қолданбау қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан әрбір азамат газ қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл — тек жеке бастың ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мәселе.
Байланыс ақпараттары:
Газ техникалық бөлімі (WhatsApp): +7 771 165 08 49, +7 702 447 25 92
Әкімшілік бөлімі: +7 (7252) 24-75-04
Instagram: @kgu_gaztex
Газ апаттық қызметі: 104

АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ: ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Алдыңғы

Как Шымкент решает проблему пробок и хаоса на дорогах

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *