Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ЕТ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫ БЕКІТІЛГЕН МЕЖЕДЕ САҚТАЛУДА

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, соның ішінде сиыр етінің бағасы тұрақты деңгейде сақталуда. Қаладағы әлеуметтік баға жүйесі өз нәтижесін көрсетіп, тұрғындардың азық-түлікпен қамтылуы дұрыс жолға қойылған.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында ет бағасының қымбаттауы жөнінде ақпарат таралған болатын. Осыған байланысты Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев БАҚ өкілдеріне арнайы түсіндірме беріп, қаладағы «Qazet» және «Magnum» сауда желілеріндегі баға тұрақтылығын бірге тексерді.
Аталған сауда нүктелерінде сиыр еті бекітілген әлеуметтік бағада, яғни 1 келісі – 2590 теңге мөлшерінде сатылуда. Сонымен қатар, «Қасқасу-S» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарымен 1 келісі 2620 теңге бойынша келісімшарттар жасалған.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар кәсіпкерлік субъектілерімен, ірі сауда желілерімен, үй жанындағы дүкендермен және жергілікті тауар өндірушілермен өзара келісімдер жасалып отыр. Сауда нүктелерінде бағаның шектен тыс өсуіне жол бермеу үшін тұрақты бақылау мен қажетті шаралар қолға алынған. Мұндай жұмыстар қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар болып табылады.
Сиыр етінің негізгі бөлігі Түркістан облысынан, оның ішінде етті мал шаруашылығымен айналысатын жетекші елді мекендердің бірі – Қарабұлақ ауылынан жеткізіледі. Жем-шөп, астық және құрама жем бағасының өсуі еттің өзіндік құнына әсер еткенімен, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін «айналым схемасы» арқылы тұрақтандыру шаралары жүргізілуде.
Бүгінде қала бойынша 60-қа жуық сауда нүктесінде сиыр етін әлеуметтік бекітілген бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Сауда нүктелері арасында ауылшаруашылық өнімдерін тұрақты жеткізетін кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары көптеп қамтылып, бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары тиімді жүзеге асырылуда.
Жалпы, бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда.
Шымкент қаласы әкімдігі азық-түлік қауіпсіздігі мен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.

Как Шымкент решает проблему пробок и хаоса на дорогах

Алдыңғы

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *