Жаңалықтар

АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ: БАЛАЛАР АЛАҢЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында орналасқан балалар ойын алаңшасы жаңартылып, балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырылды. Бұл — жергілікті тұрғынның бастамасымен қолға алынған оң өзгеріс.

Ш.Уәлиханов көшесіндегі №188/Б үйдің тұрғыны ауладағы балалар ойын алаңшасының әбден тозып, резеңке жабындысының бүлінгенін айтып, «AMANAT» партиясының Еңбекші аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген еді. Бұл жағдай әсіресе балалар үшін қауіпті екенін жеткізген тұрғынның өтінішін партия өкілдері назардан тыс қалдырған жоқ.

Партияның Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Жолдасбеков мәселені аудандық әкімдікке ресми түрде жолдап, нәтижесінде балалар алаңы толықтай ретке келтірілді.

Өз ризашылығын білдірген тұрғын:
«Өтінішім назардан тыс қалмай, тез арада шешімін тапты. Балаларымыз үшін жасалған бұл игі іске атсалысқан барлық жауапты мекемелер мен партия филиалына алғысымды білдіремін», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, жаңартылған балалар алаңшасы заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталды, арнайы қоршаулар мен қауіпсіз ойын элементтері орнатылды. Бұл балалардың бос уақытын пайдалы әрі қауіпсіз өткізуіне жағдай жасайды. Аулада орнатылған жаңа ойын құрылғылары балалардың физикалық дамуына және әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді.

Жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдар балалардың дамуы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, мұндай жобаларды басқа да аудандарға үлгі ретінде кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл — қаладағы балалар мен жас отбасылардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс нәтижесі.

«AMANAT» партиясы халықпен кері байланысты нығайту арқылы әрбір көтерілген мәселені шынайы назарға алып, нақты нәтижеге жеткізуді басты мақсат етіп келеді.

ШЫМКЕНТ: «БІЗДІҢ ҚАЛА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

В Шымкентском гарнизоне открыли современную площадку для детей и подростков

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *